Спорт

Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Қылыш бағдарламасының жартылай финалында қазақстандық спортшылар жарыс қожайыны Жапония құрамасымен кездесіп, 34:45 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасы сапында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артём Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ерғашбай өнер көрсетті.

Отандастарымыз жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде Сауд Арабиясы құрамасын 45:32 есебімен жеңді. Ширек финалда Қазақстан Қытай командасынан 45:40 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер осы Азия ойындарында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.

Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ

Back to top button