Қоғам

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Каспий теңізінде жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 09:15 шамасында сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері анықталған.

Қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райының күрт нашарлауынан болған. Салдарынан 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен.

Олардың үшеуі құтқарылды. 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер басшылығы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ведомство мәліметінше, марқұмдардың отбасыларына материалдық және психологиялық көмекті қоса алғанда, қажетті қолдау көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button